{metadescription}
Ақтөбе облысында жол апатында жанып кеткен сегіз адамның сүйегі жақындарына берілді
Ақтөбе облысында жол апатында жанып кеткен сегіз адамның сүйегі жақындарына берілді

Ақтөбе облысында жол апатында жанып кеткен сегіз адамның сүйегі жақындарына берілді

Ақтөбе облысында тағы бір жантүршігерлік жол апатында тірідей өртеніп кеткен сегіз адамның сүйегі жақындарына бүгін берілді. Жанып кеткен марқұмдардың мәйітін сұрап туыстары тура бір апта жүрген. Мамандар күйген денеден кімнің-кім екенін тану мүмкін болмады деп отыр. Сондықтан күрделі сараптама тағайындалған.

Марқұмдардың туыстары сегіз адамның сүйегін сұрап мәйітхана маңында жүргеніне бір апта болды. Қаралы хабарды естірткеннен, қабірге салар сүйекті күткен қиын екен дейді олар. Сараптама қортындысының ұзаққа созылғанына қапаланып, тәртіп сақшыларына да бірнеше рет хабарласқан.

Әсел Әділова:

Неге бізге жеті күннен бермейді? Неге тездетіп сараптама жасап, өмірде бірінші рет естіп тұрмын. Шешем отыр, зарлап. Жетпіске келгенде жеті күннен бері баламның түрін көрмесем де, оның мәйітін жер қойнына мұсылманша жерлей алмай, қаншама бауыр тұр. Мен бүгін өзімнің қанымды тапсырсам да, сол балаларды, төрт бауырымды алмай кетпеймін.

Қайғылы оқиға бір апта бұрын Сағашилі ауылы маңындағы трассада болды. Lada Largus көлігі Toyota Hilux-пен бетпе бет соғысқан. Бірінші көлік сол бойда отқа оранып, салондағылардың ешқайсысы далаға шығып үлгермеді. Отқа оранғандардың бәрі Темір ауданының Сарыкөл ауылы тұрғындары. 12 жасар ер бала әкесімен бірге мерт болса, 6 және 4-сыныпта оқитын екі оқушы қыз әжесімен облыс орталығына ем алуға жолға шыққан екен. Қаза тапқандар арасында мектептің даярлық тобында оқитын бес жасар бала мен анасы бар. Сарапшылар күйген дененің кімдікі екенін анықтау қиын болды дейді.

Сапарғали Рахманов, Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығының директоры:

14 зерттеу санын алып келді. Малекулярлы-генетикалық сараптама жасау өте қиын. Туыстық қатынасын анықтау.Бірақ біз мереке күндеріне қарамастан, бұл жағдайды түсініп тұрмыз. Ертерек анықтап, ертерек зерттеуді анықтау мақсатында үш күн бойы біздің сарапшылар жұмыс істеді. 

Түстен кейін мәйіттерді туыстарына берді. Бірақ марқұмдардың жақындары Кеңқияқтан облыс орталығына тұрақты автобус қатынамайынша, жолдағы адам өлімі тоқтамайды деп отыр. Сонымен қатар биліктен ауылдағы такси қызметін реттеуді талап етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.