Жезқазған мен Қызылорда арасындағы күре жолда көліктер батпаққа батып тұр
Жезқазған мен Қызылорда арасындағы күре жолда батпаққа батқандарды құтқару үшін кезекшілік құрылды. Күн жылынысымен жайдақ жол ми батпаққа айналған. Оған бірнеше күн ішінде жүздеген көлік белшеден батты. Діттеген жеріне жете алмағандар жанайқайын желіде жариялап жатыр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
12.03.2024
Екі қала арасындағы 412 шақырым жол жүргізушілер үшін алынбас асуға айналған. Әсіресе асфальт төселмеген, топырағы батпаққа айналған 100 шақырымдық бөлігінде жүру мүмкін емес. Бұл жолмен тәулігіне екі мыңға жуық көлік жүреді. Жолаушылар вахталық жұмыс пен басқа да шаруаларына кешігіп жатқанын айтады. Олар бұл жолды елдегі «ең құрыған жол» атап алған. Айтатындай-ақ, аталған жол осыдан 49 жыл бұрын салынып, содан бері жөндеу көрмеген.
Дінмұхамед Еркін, «КазАвтоЖол ҰҚ» АҚ эксплуатация департаменті маманы:
— Жолдың бетін тегістеу жұмысы күні-түні жүріп жатыр. Батып қалған 75 көлікnен шығардық. Қызылордаға қарасты бөлігіндегі бес учаскеде жөндеу жүріп жатыр Бұл жұмыстар Ұлытау облысында да екінші жарты жылдықта басталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!