Бурабайда кәсіпкерлерге үстемдік көрсетіп ақша бопсалағандар ұсталды
Бурабайда кәсіпкерлерді қорқытып ақша бопсалағандар ұсталды. Күдіктілер курортты аймақты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
12.03.2024
Екі азамат Бурабайдағы бизнес нысандарын өз бақылауында ұстапты. Яғни кәсіпкерлерді қорқытып-үркітіп үстемдік жүргізген. Тіпті қалталылардан ақша бопсалап отырған. Ұсталғандарды тінткен кезде қару-жарақ және есірткі табылған. Қос күдікті екі айға қамауға алынды. Оларға қатысты «Бопсалау» бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ақмола облысы ұлттық қауіпсіздік департаменті осы адамдардан жапа шеккен басқа да кәсіпкерлерді іздестіріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!