Семейде әкімдік жақтауы опырылған көпірді қалпына келтірмекші
Семейде ескі көпірдің жақтауы опырылып түсті. Қазір апатты жағдайдағы өткелді жергілікті әкімдік қайта қалпына келтірмекші.
Автор: Ұлан Нұрахмет
13.03.2024
Қала орталығындағы ескі көпір 1964 жылы салынған. Қолданыста тұрған өткел 60 жыл бұрын пайдалануға берілгенімен, талай жыл тексерістен өтпеген. Оның апатты жағдайда деп танылғанына да бірнеше жыл болды. Әбден тозған көпірдің жақтаулары мен бетоны шіріп, бірнеше рет көлік төмен қарай құлаған. Енді мамандар тозығы жеткен көпірді қайта қалпына келтіреміз дейді. Қазір қауіпті көпірмен жаяу жүргіншілердің өтуіне тыйым салынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
07 ақпан
Серіктестер жаңалықтары