{metadescription}
Мәжілісмен: Жігіттер, атпаңыздар насыбайды, лас боларсың басыбайлы
Мәжілісмен: Жігіттер, атпаңыздар насыбайды, лас боларсың басыбайлы

Мәжілісмен: Жігіттер, атпаңыздар насыбайды, лас боларсың басыбайлы

«Жігіттер, атпаңыздар насыбайды, нас атсаң, лас боларсың басыбайлы». Осылай деген мәжілісмен бесіктен белі шықпаған жас буынды лас әдеттен қорғауға шақырды. Жарқынбек Амантайұлы 4-5 сынып оқушыларының емін-еркін насыбай атып жүргеніне байланысты дабыл қағып, премьер-министрдің орынбасары мен ішкі істер министріне сауал жолдады.

Бір өкініштісі, заңда шектеу қойылғанымен, орындалуында осалдық басым. Мәселен, насыбай саудасымен ұсталғандарға әуелі ескерту жасалып, кейіннен небәрі 5 айлық есепті көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салынады екен. Ал шағын және орта кәсіпкерлерге салынатын айыппұл мөлшері – 20 айлық есептік көрсеткіш. «Саудагерлер мұны шыбын шаққан құрлы көрмей отыр» дейді депутат. Сол себепті бұл зиянды зат сауда орындарында, базарлар мен дүкендерде емін-еркін сатылуда. Бағасы да қолжетімді, ал зияны шаш-етектен. Жарқынбек Амантайұлы ел үміт күтіп отырған спортшы жастар арасында да бұл кері әдеттің қалыпты жағдайға айналғанына қапалы. Кей деректер бойынша, халықтың 10 пайыздан астамы насыбайды қолданады екен. Ең қауіптісі – оның құрамында қандай улы заттардың бар екені белгісіз.

Жарқынбек Амантайұлы, Мәжіліс депутаты:

Еліміздің дәрігерлері насыбай атудың адамды тәуелділікке ұшыратумен қатар, түрлі ауруларға да душар ететінін айтады. Тіпті ол қатерлі ісікке, ұрпақсыздыққа апаратыны ғылыми дәлелденген. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мамандарының айтуынша, насыбай тұтыну ауыз қуысының қатерлі ісігінің дамуына әкеледі. Сондықтан елді улап отырған бұл қатерлі дертті ауыздықтап, оның таралуына мүлдем тосқауыл қою қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде