{metadescription}
Атырау–Астрахань тас жолын салуға техникасын берген кәсіпкерлер ақшасын даулап жүр
Атырау–Астрахань тас жолын салуға техникасын берген кәсіпкерлер ақшасын даулап жүр

Атырау–Астрахань тас жолын салуға техникасын берген кәсіпкерлер ақшасын даулап жүр

Атырау–Астрахань тасжолын салып жатқан компанияларға техникасын жалға берген 40 шақты кәсіпкер ақшасын даулап жүр. Себебі: «ҚазАвтожолдың» тапсырысымен жол төсеп жатқан мердігер бір жылдан бері ақы төлемеген.

Құраш Есенов, жеке кәсіпкер:

Былтыр сәуірден бастап ештеңе алмадық. Бала-шағамыз бар, салық бар төлейтін. Ертең салыққа берешек болсақ, шотымызды жауып тастайды. Сол техникаларды алған кредитіміз бар. Ол да төленбей жатыр.

Мирас Ишанов, жеке кәсіпкер:

Атырау-Астрахань жолы. Сол екі ортада жұмыс істедім. «Прогресс» деген фирмалар ғой. Ақшаны «әне береміз, міне береміз, осы аптаның соңы» деумен, , бір жыл салпақтап жүрміз.

Техникаларын жалға бергендерге мердігер 10 миллионнан 60 миллион теңгеге дейін берешек екен. Бір жылдан бері бос уәдеге тойғандар бүгін наразылық акциясына шықты. Алайда тапсырыс беруші «ҚазАвтоЖол» компаниясы жол салуға қажетті қаражат толық аударылды деп отыр. Ал мердігер мекеме тиісті ақшаны енді ғана алғанын айтып, кәсіпкерлердің қарызын бірер күнде өтейміз деп уәде берді.

Забаиоллин Заруни, TODINI Costruziоni Generali S.p.A ЖШС өкілі:

Төрт-бес айдан бері қаржы түскен жоқ, енді ғана түсті. «Прогресс сити» компаниясынан кәсіпкерлердің тізімі мен қарыз көлемін алдық. Қолымызда 42 кәсіпкердің тізімі бар. Сол бойынша төлейміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде