Биылдан бастап Наурыз мерекесі жаңаша тойланады
Биылдан бастап Наурыз жаңаша тойланады. Ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мейрамы 10 күн бойы кең көлемде аталып, ел бойынша 10 мыңнан аса іс-шара өткізілмек. Мән-маңызы айрықша жаңару символы саналатын наурыздың бірегей логотипі де бекітілді. Үш қызғалдақ бейнеленген сурет өңірлерге бірыңғай безендірілуге жолданды.
Автор: Мерей Қалиасқар
13.03.2024
Төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуді мемлекет басшысы тапсырған болған. Енді 14 –ші наурыздан 23-і аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігін тойлаудың сән-салтанаты бектілді. Мәселен ертең - көрісу күні, одан кейін қайырымдылық, мәдениет және ұлттық салт-дәстүр, шаңырақ, ұлттық киім мен жаңару сынды күндер белгіленген. Сонымен қатар, бұл аралықта сауда орындарында жаппай сатылымдар ұйымдастыру қарастырылылған «Наурыз-базарлық» маусымы өтпек. Қоғамды ұйыстырып, ел бірлігін нығайтуға ықпал ететін мейрам ертеректе 8-9 күнге жалғасып, Наурызнама деп аталуы жайлы деректер ғұламалардың еңбектерінде молынан жазылған.
Сәбит Барлыбаев, ҚР МАМ мәдениет комитеті төрағасының орынбасары:
— Министрлік Астана әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылатын «Ұлы істің – Ұлы таңы» атты басты мерекеміз 21 наурызда Астана қаласының ЭКСПО аумағында өткізіледі. Мерекеде киіз үйлер құрылып, түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазір мерекенің тұжырымдамасы бекітіліп, дайындық жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!