{metadescription}
"Еркебай" — отбасылық комедияның тұсауы кесілді
"Еркебай" — отбасылық комедияның тұсауы кесілді

"Еркебай" — отбасылық комедияның тұсауы кесілді

Балалардың көктемгі демалысы мен мереке қарсаңында "Еркебай" деп аталатын жаңа отбасылық комедияның тұсауы кесілді. Кинотуындыда қылмыскерлердің қолына түсіп қалған кәсіпкердің баласы Еркебайдың бастан кешкен оқиғалары көрсетілген.

Тоғыз жастағы Еркебайдың бастан кешкен шытырман оқиғалары негізінде түсірілген фильм сіз бен бізді күлдіруді ғана көздемеген. Туынды отбасындағы өзекті тақырыптарды көтереді. Фильм желісі ұрылардың бас кейіпкерді лагерге алып кетуімен басталады. Қарақшылардан құтылу үшін жеткіншек не істейді? Ал, Еркебай рөліне жас актер Расул Бауыржанды алғашқы кастингте көріп, шығармашылық топ бірден бектіпті.

Расул Бауыржан, актер:

10-нан 10 деген баға берем бұған. Мүмкін 10-нан жүз деген. Жаңа жылда «Один дома» фильмін көреміз ғой,сол кезде тілегенмін, маған осындай рөл берілсе екен деп. Аллаға шүкір, берілді. Ерекше кино. «Номад» каскадерлері бар. Өмірімде бірінші рет солармен жұмыс істеп көрдім. Сол үшін маған күшті кино болды.

Кәнігі ұрының образы белгілі актер Әшім Ахметовке бұйырыпты. Ол осы туынды арқылы жаңа қырынан танылмақ. Айтуынша, күлкіге қарық қылатын телехикая кішкентай көрермендердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Себебі елімізде балаларға арналған мультфильмдер мен кинотуындылар саусақпен санарлық.

Әшім Ахметов, актер:

Барынша өзіміздің жас көрерменіміздің көңілінен шығатындай жұмыс жасап шықтық деп ойлаймын.Бізде кішкентай балалар арнайы кинотеатрға барып көретін отандық кинолар жоқ. Сондықтан бұл киноға ұсыныс түскенде қуана-қуана келістім.Себебі өзіміздің де бала-шағамыз бар, іні-қарындастарымыз бар, солар да келіп көрсе, өздеріне керекті дүниесін түйсе, жақсы жағын алса деген ниетте шын жүрегіммен ары қарай түсірілімге кірісіп кеттік.

Фильм Алматы облысында түсірілген. Көрерменнің көңілінен шығу үшін 50-ден аса кәсіби маман ат салысыпты.

Жадыра Қобылан, продюсер: 

Өзіміздің жаңа жылымызда жаңа отбасылық комедия деген ұстанымымызбен 22 наурыз қарсаңында шығарып отырмыз.Өз қағидамыз «Один домаға» ұқсатады, ұқсатса. Біздің де, қазақтың өзінің «Один домасы» әр қазақтың жаңа жылында шығатын бір қызықты киносы болу керек қой. Біз соны жасаймыз. Біздің Еркебайды да тек Қазақстанда көрмейді, бұны бүткіл Голливудта да көрсетіп, шет мемлекеттерді де бағындыруға тырысамыз.

Экшн форматтағы комедияда әлемге әйгілі «Номад» каскадерлар тобы өнер көрсетеді. Небәрі 12 күнде түсірілген фильмнің бюджетіне шамамен 120 миллион теңге кеткен.Тұсаукесерге ұйымдастырушылардан бөлек, актерлік құрам мен режиссерлер тобы да арнайы қатысты. Кинотуынды 14 наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.