Төтеншеліктер: Бір жарым миллион қазақстандыққа тасқын қаупі төніп тұр
Күнтізбе бойынша көктем келгенімен, жердің тоңы жібімей тұр. Төтеншеліктер алдағы екі аптада күн райы күрт жылынып, бір жарым миллион қазақстандыққа қырғын судың қаупі төніп тұр дейді. Сәуірде жылынып, жағдайымыз жақсарғанның орнына, сөгілген өзен суымен арпалысамыз ба деген ағайынның қауіптенетіндей орны бар.
Автор: Айжан Шамшидин
14.03.2024
Елдімекендерді селден қорғауға тиіс жүздеген гидротехниканың тозығы жеткен. Соның өзінде төтенше жағдайлар министрлгі «жағдай бақылауда» деп сендіруде. Жер-жерде апаттың алдын алу мақсатында омбы-омбы қар жүк машиналарына тиеліп шығарылып жатыр. Арықтар мен каналдар қоқыстан тазаланып жатыр. Дегенмен толассыз жауған нөсердің кесірінен қазірдің өзінде оңтүстік жұртшылығының негізгі күре жолдары мен жер үйлері жаңбыр суының астында қалды. Ал «Қазгидромет» Абай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында су тасу қаупі барын ескертіп отыр.
Жомарт Асқаров, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайды жою департаменті бастығының міндетін атқарушы:
— Су ресуртары және ирригация министрлігінің жүргізген соңғы нәтижелері бойынша қолда бар 1502 тіреуіш гидротехникалық құрылғылардың 537-сін жөндеу қажет. 322 құрылыс апат болса, халыққа қауіп төндіреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!