{metadescription}
Қарағандыда қымбат автокөлік сауда үйінің бетон қоршауын бұзып өтті
Қарағандыда қымбат автокөлік сауда үйінің бетон қоршауын бұзып өтті

Қарағандыда қымбат автокөлік сауда үйінің бетон қоршауын бұзып өтті

Қарағандыда қымбат көлік тізгіндеген азамат қатты жылдамдықпен келіп, сауда үйінің шағын тұрағындағы бетон қоршауды бұзып өтті. Жаралы жүргізушіні күл-талқаны шыққан көліктен сол маңда болған адамдар шығарып алған. Жүргізушінің тамағын өткір зат орып тастаған.

56 жастағы ер адам жүйткіген жылдамдықпен бетон қоршауды жапырып өткен. Тіпті жолдағы жарнама ілетін баннерді де талқандаған. Қайта алдынан қарсы көлік шықпаған. Тас-талқаны шыққан қымбат көліктен жүргізушіні тәртіп сақшылары шығарып алды. Тамағы кесіліп кеткен еркек бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Жүргізушіге шабуыл жасалуы мүмкін деген болжам жоқ емес. Анық-қанығын тергеу анықтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде