Миллиардтаған теңгеге салынған қоқыс өңдеу зауыттары қаңырап бос жатыр
Миллиардтаған теңгеге салынған қоқыс өңдеу зауыттары елімізде қаңырап бос тұр. Әңгіме Семей мен Ақтөбеде ашылмай жатып дабыра қылған қос зауыт жайында. «Қалауын тауып қоқысты кәдеге асырамыз» деп бөркін аспанға лақтырғандардың жайын бүгін сенатор Зәкіржан Кузиев сынады.
Автор: Айжан Шамшидин
14.03.2024
Әу баста бақандай бес миллиард теңге бөлініп қабырғасы қаланған бұл зауыттар қоқыс сұрыптаудағы табысы көл-көсір болады деп жоспарланған. Дегенмен шындықтың ауылы алыста жатқанын жуырдағы тексеріс көрсетіпті. Депутаттың ақпарынша, қалдықты азайту мен оны өңдеп, қайта пайдалануға берілген есептің басым бөлігін жауаптылар айлық есеп сметасын жабуға негіздеген. Сондықтан қоқысты азайтуды әр азамат жеке басынан бастаса дейді сенатор. Закиржан Кузиев рұқсат етілмеген жерді ластағандарға айыппұл көлемін арттырған оң нәтиже береді дейді.
Закиржан Кузиев, Сенат депутаты:
— Қоқыспен жұмыс істеу жағдайын жақсарту үшін, бұдан былай қайта өңдеуге жатпайтын қаптаманы пайдалануға тыйым салуды, қоқысты ең алғаш жинақтау орнында қалдықты сұрыптау жүйесін енгізуді, қоқысты уақтылы шығармағаны және рұқсатсыз қоқыс үйгені үшін айыппұлды ұлғайтуды ұсынамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!