{metadescription}
Елімізде алғаш рет «Ұлы дала дәмі» ұлттық шарасы өткізілді
Елімізде алғаш рет «Ұлы дала дәмі» ұлттық шарасы өткізілді

Елімізде алғаш рет «Ұлы дала дәмі» ұлттық шарасы өткізілді

Бүгінгі мерекеге орай елімізде алғаш рет «Ұлы дала дәмі» ұлттық жобасы өткізілді. Шара аясында Қыдыр ата көпбалалы және ерекше бала өсіріп отырған отбасыларды аралап, түрлі сый-сияпат таратты.

Мерекелік кәдеде еліміздің әр өңірінен жеткізілген ұлттық тағам салынған: шұбат, қымыз, құрт,ірімшік, жент, бауырсақ, талқан. Алматының алмасы, Алтайдың балы да салыныпты. «Наурыз қоржыны» деп аталатын кәде ұлттық нақышта безендіріліп, киіз үй пішінінде тігілген. Алғашқылардың бірі болып қала тазалығына үлес қосып жүрген Батыр анаға берілді.

Ағатай Мантаева, көше сыпырушы:

Қуаныштымын, бала-шағамның қызығын, жұмысымның еңбегін жесем. Қазақ халқын осындай жаңа жылымен құттықайтмын! Шексіз қуаныштымын. Еш ойламадым, алдымнан қазақтың Қыдыр атасы шығады деп.

«Наурыз қоржыны» ақсақалдар мен әжелерге, Балалар үйіне де тарту етілді. Ел ағаларына қазы-қарта немесе жал-жая мен жамбас салынған «Сыбаға» қоржыны берілді.

Жалпы бұл жоба Наурыз мерекесіне жаңа мазмұн беріп, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған. Ұйымдастырған Alatau Aqparat медиахолдингі. Олар әр өңірдің дәмін бір қоржынға салып, елдің бірлігі мен тұтастық символын жеткізгісі келген.

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның еңбек ері:

Наурыз деген жақсы ай. Бұл жылдың басы дегенге мен сенемін. Жылдың басын жасауға әліміз келмей жатыр. Өйткені жан-жануар, өсімдік шығып, тіршілік басталады. Осы айда басталады. Жылдың басы дегенге сенемін, солай болса екен деймін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.