{metadescription}
«Жауапсыз махаббат». Балқашта биіктен секірмек болған қыз құтқарылды
«Жауапсыз махаббат». Балқашта биіктен секірмек болған қыз құтқарылды

«Жауапсыз махаббат». Балқашта биіктен секірмек болған қыз құтқарылды

Балқаш қаласында өзіне қол салмақ болған қыздың өміріне полицейлер араша түсті. Сүйгенімен сөзге келген ол тоғызыншы қабаттан секіріп өлмек болған.

Тәртіп сақшылары тоғыз қабатты үйдің үстіне көтерілген бетте шатырдың жиегінде отырған адамды өздеріне қарай жұлқып тартып алды. Қараңғы тұңғиыққа сырғып кеткелі тұрған 21 жастағы қыз жауапсыз махаббаты туралы айтыпты. Оның айтуынша, сүйіктісімен сөзге келіп қалып, өмірден баз кешпек болыпты. Жігіті үш күннен бері қоңырау шалмай қойған соң, өмірімен қош айтқысы келген. Қазір оған психологтар жігіт алтын басты болса да, ол үшін өлудің қажеті жоқ екенін түсіндіріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.