{metadescription}
«Екпе салдырмаған». Қарағанды облысында балалар жаппай көкжөтел жұқтыруда
«Екпе салдырмаған». Қарағанды облысында балалар жаппай көкжөтел жұқтыруда

«Екпе салдырмаған». Қарағанды облысында балалар жаппай көкжөтел жұқтыруда

Қарағанды облысында балалар арасында коклюш, яғни көкжөтел жұқтырғандар саны артып барады. Тіпі ауруы асқынған бір бүлдіршін жансақтау бөліміне жатыр. Дәрігерлер кішкентай науқастардың 80 пайызы кезінде екпе салдырмағандар дейді.

Көкжөтел жұқтырғандар былтыр күзден бастап тіркеле бастаған. Жаңа жылдан бері тіпті қарқын алыпты. Бүгінге дейін 48 бала ауырған. Көбі емделіп щыққан. Қазір ауруханада 6 бала жатыр. Біреуінің жағдайы ауыр. Оған ұзақ уақыт диагноз дұрыс қойылмай ауруы асқынып кеткен. Өйткені көкжөтелді көбінесе кәдімгі тұмаумен шатастырады. Балаға қатты әсер ететін кесел дендесе, өкпе қабынып, ауа жетпей, ми зақымдалады. Екі жасқа дейінгі бала тоқтамай жөтелсе, қабырғасы сынатын көрінеді. Тыныс алу жолдары бітелсе, тек жансақтау бөлімінде емдеу керек. Үйде емделуге тыйым салынады. Дәрігерлер бұл бала туғаннан кейін 18 айға дейін көкжөтелдің екпесін салдырмаудың салдары дейді.

Роза Бегайдарова, Жұқпалы аурулар орталығының дәрігері:

2020 жылдарда осы аурудың өсімі байқалды. Ол негізінен дамымай қалған, кедей елдерде көп тіркелді. Ал бізде басқа проблема. Мемлекет вакцинамен жеткілікті деңгейде қамтыса да, екпеден бас тартатындар көбейді. Оның салдары ауыр болатынын тұрғындар түсіне бермейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.