{metadescription}
Ақтөбеде Даун синдромы бар балаларға бейімдеу орталығын ашуды талап етуде
Ақтөбеде Даун синдромы бар балаларға бейімдеу орталығын ашуды талап етуде

Ақтөбеде Даун синдромы бар балаларға бейімдеу орталығын ашуды талап етуде

Ақтөбелік аналар Даун синдромы бар балаларға арналған бейімдеу орталығын ашуды талап етуде. Аталмыш дертті бүлдіршіндерді өңірде жалғыз психолог шіркеу жанынан бөлме алып қабылдап отыр. Одан өзге әлеуметтік және психологиялық тұғыдан қолдайтын жер жоқ. Алайда әкімдік өкілдері науқас балақайларға тек емдеу-сауықтыру орындарына  жолдама ғана бере аламыз дейді.

Ақтөбедегі католик шіркеуі Даун синдромы бар балаларға бір бөлмесін босатып берген. Қазір осында жалғыз психолог науқас қабылдайды. Ол маманның күні бойы тегін жұмыс істеуіне тұрмысы да мұрша бермейді. Дегенмен Даун синдромы бар балаларды ерте жастан еңбекке баулып, уақтылы массажын алып, психолог мамандар қолдау көрсетсе, олар қоғамға тез бейімделеді. Бірақ ауру балалардың аналары билік тарапынан еш қолдау болмай тұр деп налиды.

Гүлназ Қалменова:

Жалпы Қазақстан бойынша ешқандай көңіл бөлінбеген. Қандай да бір оңалту болса, қандай да бір көмек керек болатын болса, «сендердің балаларыңның диагнозына жоқ» деп айтылады.Сондықтан ата-аналар, осы уақытқа дейін шырылдап келе жатырмыз. Қайда барсақ та, бізге есік жабық.

Ақтөбе облысында Даун синдромы бар 215 бала тіркелген. Бұл диагнозбен бүлдіршіндер сөйлей де алады, сабақ оқып, спортпен де шұғылдана алады. Ерекше балаларға арналған мектепте білім алып жатқаны да бар. Бірақ тұрақты бейімдеу орталығына барса, ер жеткенде өздігінен өмір сүріп үйренетін еді дейді ата-аналары.

Жадыра Тоғызбаева:

Даун балалар өмірге бейімделе алады. Ол үшін күнбе-күн жұмыс істеп, оңалту, бейімдеу керек. Коррекцияға мемлекеттік қолдау керек. Оңалтуға, басқа емге де қосымша ЗПР дегенмен барамыз. Диагнозға қолдау сұраймыз. Қаражат бөлініп, бөлек орталықтың ашылуын сұраймыз.

Өңірде Даун синдромы бар балаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы атымен жоқ. Тек дәрігер жолдамасымен ем алуға ғана уақытша жібереді екен. Жеке тұлғалар орталық ашар болса, құжаттарын тіркеп мемлекеттік тапсырыс алсын деп отыр шенеуніктер.

Бақытжан Түлкібаева, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Жылына екі рет оңалту емін алады. Оңалту рталығы бар. «Аяла», «Қамқорлық» ем жүргізеді. Жекеменшік, осындай көмек көрсеткісі келсе, медициналық мүгедек балаларға лицензия алу керек.

Баласы үшін шырылдаған аналар бейімдеу орталығын ашуды билік өз қолына алғанын қалайды. Себебі күн сәулесіне теңейтін бөбектерді ешқайсысы қоғамнан тыс қалдырғысы келмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде