{metadescription}
Куала-Лумпур - Алматы бағытында тікелей рейс ашылды
Куала-Лумпур - Алматы бағытында тікелей рейс ашылды

Куала-Лумпур - Алматы бағытында тікелей рейс ашылды

Қазақстан мен Малайзия арасы жақындай түспек. Куала-Лумпур-Алматы бағытындағы алғашқы тікелей рейс ашылды.

Енді туристер транзит жол іздемей, Алматыдан Куала-Лумпурға 6 сағат 55 минутта жете алады.Тікелей рейсті малайзиялық Air Asia әуе компаниясы іске асырады. Аптасына төрт рейс бар.

Жалпы екі ел арасында әуе жолын іске қосу үшін тараптар жылдар бойы ұзақ келісімдер жүргізіпті. Осы логистикалық шешімнің арқасында барыс-келіс те еселенеді деген үміт бар. 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 144,7 млн ​​АҚШ долларын құраған.

Даниел Сержанұлы, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

Кеше ғана алғашқы рейс келіп қонды. Аптасына төрт рет ұшады. Бұл тек қана екі елді байланыстыратын бір әуе жолы емес. Ол екі елдің арасындағы мәдени және эконмикалық байланысты дамытатын мүмкіндік. Сатылым ашылғаннан бері 150-500 доллар аймағында бір бағытқа билет сатылып жатты. Салыстырмалы келген кезде қолжетімді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде