{metadescription}
«Игі істер марафоны». Астанада мұқтаж жандарға азық-түлік себеті таратылды
«Игі істер марафоны». Астанада мұқтаж жандарға азық-түлік себеті таратылды

«Игі істер марафоны». Астанада мұқтаж жандарға азық-түлік себеті таратылды

Бүгін — Наурызнама бойынша қайырымдылық күні. Әрі биыл Рамазан айы мен Наурыз мерекесінің қатар жүруіне орай, көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік себеті таратылды. Қайырымдылық шарасы «Игі істер марафоны» аясында өткізіліп жатыр.

Қуаныш Молдабек, Астана әкімінің кеңесшісі:

Бүгін, міне, 15 наурыз қайырымдылық істері болып бекітілген. Азық-түлік себетінде тұрмысқа қажет тауарлар бар: ұн, күнбағыс майы, макарон өнімдері, тәттілер. Алатын кісілерге еріктілердің көмегімен үйге дейін азық-түлік себетін жеткізіп береміз. Бір себеттің салмағы шамамен 45 кг.

Мыңнан астам азық-түлік жиынтығы аз қамтылған әрі толық емес отбасылар, көпбалалы аналар, ерекше қажеттілігі бар сәби тәрбиелеп отырған отбасылар мен зейнеткерлерге таратылды. Жыл соңына дейін халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға тағы үш мың себет беріледі.

Жалпы бір қораптың құны 35 мың теңгеге жуық. Күнделікті тұрмысқа қажет өнімдері бар қоржынның бірі бүгін көпбалалы ана Роза Сырбековаға да бұйырды. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында бұл күтпеген тосынсый болды дейді.

Роза Сырбекова, көпбалалы ана:

Бес балам бар. Наурыз мерекесіне орай азық-түлік әкеліп жатыр екен. Мына еріктілерге рақмет! Мейрам сайын елеп-ескеріп отыратын аудан әкімдігіне, қала әкімдігіне көп рақмет айтамын. Наурыз мерекесімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын, мол табыс тілеймін!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.