{metadescription}
Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүгедектер қоғамдық көлікте тегін жүреді
Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүгедектер қоғамдық көлікте тегін жүреді

Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүгедектер қоғамдық көлікте тегін жүреді

Ақтөбеде зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер автобуста тегін жүретін болды. Сәуір айынан бастап олар жолақы төлемейді.

Осы уақытқа дейін тек соғыс ардагерлеріне теңістірілгендер мен көзі нашар көретіндер, бірінші топ мүгедектеріне ғана қоғамдық көлікте тегін жүруге рұқсат еді. Бірақ оның көбі автобусқа мінбесі белгілі. Ал, зейнеткерлер  жолақысының тек жартысын төлейтін. Енді ешкімді алаламай, қарттарға құрмет көрсетіп, барлық топтағы мүгедектерге тегін қызмет ұсынамыз деп сендірді әкімдіктегілер.

Қазір Ақтөбеде 60 мыңға жуық зейнеткер мен 15 мыңдай мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Олардың жолақысына кететін шығынды қазына ақшасымен жабады.

Азамат Бекет, Ақтөбе әкімі:

Осы елу пайызды толықтай ақысыз қылуға тапсырма берген. Бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Ол үшін бізде 342 млн теңге бөлініп тұр, қосымша 280 млн қаражат қажет болады. Бұл алдымызда келе жатқан сессия отырысында қарастырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде