{metadescription}
Алматы мектебінде құда түсу, қыз ұзату, бесікке бөлеу қойылымы ұйымдастырылды
Алматы мектебінде құда түсу, қыз ұзату, бесікке бөлеу қойылымы ұйымдастырылды

Алматы мектебінде құда түсу, қыз ұзату, бесікке бөлеу қойылымы ұйымдастырылды

Ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүр мектептерде де кеңінен дәріптеліп жатыр. Алматыдағы  №172 мектебінде Ұлыстың ұлы күніне "Ата салтым —- асыл мұрам, қазынам!" - ісшарасы өтті.

Мерекелік шарада қызға құда түсу, қыз ұзату және жаңа туған нәрестені бесікке бөлеу дәстүрін дәріптеу мақсатында ата-аналар мен ұстаздар сахналандырылған қойылым көрсетіп, ырым-жоралғылармен таныстырды. Жастарға байырғы салт-дәстүрдің бүгінгі күнмен байланысын түсіндіріп, әдет-ғұрыпты қадірлеуге шақырды. Дәстүрге сай наурыз көже мен ыстық бауырсақ таратылды. Оқушылар күмбірлетіп күй тартып, ұлттық өнерден шашу шашты. Медеу ауданындағы №172 мектеп-гимназиясының оқушылары сабаққа наурыз айы бойы ұлттық нақыштағы киіммен келеді. Мақсат балаларды ұлтжанды болуға, салт-дәстүрімізді қастерлей білуге тәрбиелеу дейді ұстаздар. 

Бейбітгүл Сұлтанғазиева, № 172 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөнінен орынбасары:

Бүгінгі өткізіп отырған іс-шарамыз бір тұтас тәрбие негізінде ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында іс-шара өткізіп отырмыз. Яғни біз біртұтас тәрбие жөнінде үштік одақты негізге ала отырып ата-ана,оқушы,мұғаліммен біріккен ата-салтымызды, салт-дәстүірімізді өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа ұғындыру мақсатында өткіздік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде