Астанада жылуға артық ақша төлегендердің ақшасы қайтарылады
Жылуға артық ақша төлеген астаналықтардың қаражаты қайтарылады. Елорда тұрғындарының ақпандағы жылу тарифіне қатысты сансыз шағымынан соң, баға төмендетілетіні белгілі болды. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитетінің сайтында жарияланды.
Автор: Мерей Қалиасқар
15.03.2024
Жылу энергиясын жеткізуші «Астана-Теплотранзит» мекемесінің қызметін талдау барысында жауапты инспекторлар көрсетілген қызмет көлемінің артуына байланысты негізсіз алынған кіріс түріндегі бұзушылықтарды анықтады. Сондай-ақ жеке субъектінің теңгерімінде жоқ нысандарға бағытталған тариф сметасындағы қаражаттың мақсатсыз пайдаланғаны мәлім болды. Осылайша қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, тұтынушылардың жалпы сомасы 3 млрд теңгеге жуық қаржысы тариф аясында қалпына келтіріледі.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті:
— ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті уақытша өтеу тарифін енгізу арқылы негізсіз алынған табысты қайтару бөлігінде, «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес, ден қою шараларын қабылдады. Қабылданған шаралар тұтынушы үшін жылу тарифінің 8 пайызға төмендеуіне алып келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!