Ұлттық құрылтай: Президент жалпыұлттық құндылықтарды дамытуға басымдық берді
Атырауда Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолы жалпыұлттық құндылықтарды одан әрі дамыту жайына басымдық берді. Азаматтық қоғам құру үшін мәдениет, өркениет пен руханияттың басын біріктіру маңызды екендігіне тоқталды.
Автор: Айжан Шамшидин
15.03.2024
Туымыз төрімізде, әнұранымыз жүрегімізде мәңгі сақталған. Тек тәуелсіздіктің тұмары іспетті елтаңбамызға келгенде сыни пікірлер бар екені жасырын емес деді Президент. Эклетикасы күрделі рәмізді кеңес өкіметінің гербына ұқсататындар бар екен арамызда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел ісіне бейжай қарамайтын белсенді азаматтардан бөлек, кәсіби мамандардың аузынан да арагідік осындай сөздер естіпті. Сондықтан бәсі биік нышанды өзгерту туралы қоғамдық талқылау өткізілетінінін айтты. Содан кейін ғана жаңа Елтаңбаның жобасын жасауға ашық байқау жарияланады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
— Құрылтай ешқашан той-тойлап, әңгіме-дүкен құратын жиын болған емес. Келешекте де ондай болмайды. Алдыңғы екі отырыста игі бастамалар көтерілді. Оның біразы орындалды. Жалпы өзгерістер барлық салада болып жатыр. Мен былтыр Жолдауымда жаңа экономикалық саясатқа көшетінімді айттым. Ақпанның басында үкімет ауысты. Жаңа міндеттер жүктелді. Дегенмен дамыған мемлекет болу үшін тек экономикалық міндет қою жеткліксіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!