{metadescription}
Алматыда өгей қызын ұрып өлтірген қоғам белсендісіне сот үкімі шықты
Алматыда өгей қызын ұрып өлтірген қоғам белсендісіне сот үкімі шықты

Алматыда өгей қызын ұрып өлтірген қоғам белсендісіне сот үкімі шықты

Алматыда жеті жасар өгей қызын ұрып өлтірген қоғам белсендісіне үкім шықты. 47 жастағы Балжан Тұрлыбек енді 20 жыл өмірін қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түрмеде өткізеді. Және жәбірленуші тарапқа өтемақы төлейді. Марқұм Карина Закураеваның жақындары бірге тұрған әйелдің қатігез екенін біле тұра, араша түспеген Каринаның әкесін де жазаға тартуды талап етіп отыр.

Былтыр болған жантүршігерлік қылмыс дүйім елді шулатқан. Тергеу төрт айда аяқталды. Кейін сот отырысы бес айға созылып, ақыры бүгін үкім оқылды.

Ерлан Болатов, судья:

Сот Тұрлыбек Балжанды ҚР ҚК 99-бабы, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге үкім шығарды. 2023 жылғы 10 шілдеден бастап қамауда ұстау мерзімінің бір тәулігі бір жарым тәулікке есептелсін. 674 мың теңге процессуалдық шығын өндірілсін және жәбірленушілердің өтемақы қорына 30 АЕК көлемінде төлем өндірілсін. Азаматтық талап арыз қараусыз қалдырылсын.

Құдды бір үкімге алдын ала дайын болғандай, Балжан Тұрлыбек еш эмоция көрсетпеді. Тек келіспейтінін ғана айтты. 

Жоқ. Айыптармен келіспеймін. Шағым жазамын. Сараптамада әкесінің үйде болғаны көрсетілді емес пе? Куәгерлер бар.

Сотталушының жеті жасар қыздың өліміне әкесін кінәләп жатқаны бірінші рет емес. Осыған дейін қорғаушылары да жеткіншекке соңғы соққыны жасаған Бәкен Закураев деп назар бұрған. Бірақ сот бұл уәжді назарға алмаған. Марқұмның әжесі қолын қанға малған Бәкен болмаса да, оны жазаға тарту керек деп санайды. Өйткені кішкентай Карина өгей шешесінен төрт ай бойы таяқ жеп келгенін көре тұра, араша түспеді дейді.

Елена Закураева, марқұм Каринаның әжесі:

Үкіммен келісемін. Әділетті жаза. Енді Бәкенді де жазаға тарту үшін мен арыз жазамын. Оны бес жылға қамау керек. Кінәлі екенін өзіне айтсам, үндемейді.

Марқұмның әкесі әлі абдырап жүр. Не сұрасаң да, үндемей тұрады.

Өмір бойына түрмеде отыру жазасын кесуі керек еді ...

Бүгін оқылған үкім әлі заңды күшіне енбеді. Айыпталушы тарап 15 күннің ішінде апелляциялық шағым түсіруді көздеген.

Еске салайық, жеті жасар Карина Закураеваның қайтыс болғаны былтыр белгілі болды. Жеткіншек өгей шешесінің қолында төрт бойы тұрып, әбден таяқ жеген екен. Тергеу мәліметінше, Балжан Тұрлыбек үлкен дәретін ескертпестен жіберіп қойғаны үшін Каринаның басын батареяға ұрған. Кейін жуынатын бөлмеге кіргізіп, ваннаның қырына тағы ұрады. Қатты соққыдан бүлдіршіннің миына қан құйылып, бірден жантәсілім еткен. Кейін азаматтық некедегі күйеуін шақырып, оған «өзі құлап қалды» деп қылмысын жасырмақ болыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.