Түркістан облысында құдыққа құлаған келіншек көз жұмды
Түркістан облысында 29 жастағы келіншек тереңдігі 40 метрлік құдыққа құлап көз жұмды. Оқыс оқиға бүгін таңертең Түлкібас ауданындағы Майлытөбе ауылында болған.
Автор: Бек Әбиев
18.03.2024
Марқұм ашық алаңда тұрған дренаж құдыққа құлаған. 40 метр тереңдікте ауа болмаған соң, құтқарушылар арнайы құрылғымен оттегін жіберіп отырды. Арада үш сағат өткен соң беліне арқан байлаған құтқарушылардың бірі тереңде жатқан қызды алып шыққан. Алайда жер бетіне шығарылған келіншек көз жұмды. Қазір оны әлдекімнің итеріп жібергені, әлде байқаусызда құлағаны тексеріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
12 ақпан
Серіктестер жаңалықтары