{metadescription}
«Ақтөбе сәулет» компаниясы жүздеген жұмысшыны жалақысыз қалдырған
«Ақтөбе сәулет» компаниясы жүздеген жұмысшыны жалақысыз қалдырған

«Ақтөбе сәулет» компаниясы жүздеген жұмысшыны жалақысыз қалдырған

Ақтөбеде айлығын даулаған құрылысшылар облыс әкімдігіне жиналды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй салған жұмысшылардың алды жарты жылдан бері жалақы алмаған. «Мердігер күнде ертеңмен алдап келеді», - дейді олар.

Ақылбек Сағидоллаев:

Олар ойламай ма екен, екі-үш ай бойы қалай өмір сүреміз?

 Бала-шағамызды қалай асыраймыз? 7-8 бригада. Бригадада кемінде төрт адамнан. Түрлі маман бар. Арызымызды прокуратураға беріп қойдық.

Дархан Себепов:

Мен кафель жапсырдым. Алашағым миллионның үстінде, «Сәулетте», соны талап етеміз. Ақша жоқ. Отбасын асырау оңай емес қой. Кредиттің мерзімі күтіп тұрмайды, өсімақы қосып жатыр.

Жалақысын даулап жүрген жұмысшылардың саны жүзге жуық. Олар Есет батыр тұрғын үй алабындағы тоғыз қабатты үш үйді салған. 37 бригада

іші- сыртын сылап тап-тұйнақтай еткен. Ал тендерді ұтып алған «Ақтөбе сәулет» компаниясы құрылыс біткенде бір тиын да төлемей қойған. Мердігер «әкімдіктен ақша түспей жатыр» деп алдайтын көрінеді. Алайда тапсырыс берген шенеуніктер ақшаны жаңа жылға дейін аударып үлгерген. Құрылыс компаниясының жұмысшыларға берешегі 135 миллион. Еңбек инспекциясындағылар тексеруге шығып, «өзіміз өндіріп береміз» деп отыр.

Талғат Есқарин, Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басқарма басшысының орынбасары:

Арыз-шағым тіркеліп, енді жақын арада тексеріс болып, осы анықталған жағдайда нұсқама беріп, айыппұл саламыз. Бүкіл үстемемен алып беруге әрекет жасаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 желтоқсан

30 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде