Семей: Ата-аналар «Айдана» балабақшасын мемлекет меншігіне өткізуді талап етті
Семейде «Айдана» балабақшасынан шу шықты. Бұл жолы ата-аналар отқа оранған мекеменің әлі қалыпқа келтірілмей жатқанына наразы. Олардың айтуынша, басшылық бөлме жетіспегендіктен топтарды біріктіруге мәжбүр болған. Алайда бөбектердің жас ерекшелігі ескерілмепті.
Автор: Ұлан Нұрахмет
18.03.2024
Оның үстіне тәрбиешілер нысанның ішкі әрлеу жұмысына жегіліп, балалар қараусыз қалатын көрінеді. Сондай-ақ жұрт жөңдеуге ақша жинап мезі болған.
Жекеменшік балабақшаның 17 ақпанда отқа оранған сәті. Содан бері ата-аналардан маза қашқан. Өйткені мекемеде бөлме жетіспей, басшылық топтарды қосып тастаған. Алайда бөбектердің жас ерекшелігі ескерілмепті. Оның үстіне бөлмені кептіру үшін терезелерді ашып қойған.
Ракш Шумаев:
— Біріншіден, бұл жылу жүйесі әлсіз. Бөлмелердің іші +16 градус қана. Балалар ауыра бастады. Нысанның жылу жүйесін қарау керек. Қалтадан ақша жұмсалмаса, оны кім жасап береді? Егер қалпына келтіретін қаражат жоқ болса, онда мемлекетке берсін.
Өрт болғанына бір айға жуық уақыт өтсе де, оның себебі әлі анықталмаған. Қазір жұрт баласына дұрыс көңіл бөлінбей жатыр, дейді. Өйткені тәрбиешілер балабақшаның ішкі жұмысына жегіліп, бөбектер қараусыз қалған. Сондай-ақ нысанның жөңдеуіне де қараша ақша жинаудан жалыққан.
Ольга Бектемірова:
— Бізге өтініш болды. Жөндеу жұмыстарына қаражат жинап бердік. Қыл аяғы, құрлысқа қажетті ата-аналар сатып әперді. Сонымен қатар өртенген екінші қабаттың қабырғасын бояуға да автосатыны біз жалдап бердік. Қаражат біздің қалтамыздан шықты. Ал тәрбиешілер бояп, әктеуге жұмылдырылды.
Жекенің қолына өткен алты жылдың ішінде «Айдана» балабақшасының әбден тозғы жеткен. Ата-аналардың айтуынша, жиһаздар мен балалардың ойын алаңы әлі жаңартылмаған. Ал мекеме басшылығы төсек-орын мен жиһазға тапсырыс бердік деп ақталды.
Назгүл Омарова, «Айдана» балабақшасының құрылтайшысы:
– Біз жаңа жиһазға тапсырыс бердік. Отқа оранған төсек-орын, матрастардың бәрін жаңартамыз. Тағы да қатар тұрған екі топты да жаңарту көзделген. Ойыншықтар сатып алынады.Әзірге екі топты қалпына келтіріп жатырмыз.
Бұл балабақшада 300-дей тәрбиеленуші бар. Ата-аналар баласының қауіпсіздігіне алаңдап, сенімгерлік басқаруға берілген балабақшаны қайта мемлекеттің меншігіне өткізуді талап етіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!