{metadescription}
БҚО: Көмірсутегі қорын барлау тұрғындардың денсаулығын құртып жатыр
БҚО: Көмірсутегі қорын барлау тұрғындардың денсаулығын құртып жатыр

БҚО: Көмірсутегі қорын барлау тұрғындардың денсаулығын құртып жатыр

Батыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауыл тұрғындары көмірсутегі қорын барлау жүргізуге қарсы. Өйткені елдімекеннің дәл іргесіндегі қазба жұмыстарынан қолқаны жаратын химиялық иіс бөлініп, денсаулығымыз құрып бара жатыр дейді.

Алғашында қазба жүргізуге келген компания тұрғындарға ешқандай зиян келмейтінін айтып сендірген. Бірақ газ жағып ауаны ластай бастапты. Жұрт шулаған соң, бұл жағдайды экологтар тексеретін болды.

Геологиялық барлау жүргізілуіне қарсы шыққан наразы бірнеше елдімекеннің тұрғындары Махамбет ауылына жиналды. Себебі мұнда жабулы жатқан ескі құбырлар қазыла бастаған. Сырттан келген компания мұны көмірсутегінің қорын анықтау үшін барлау жүргіземіз деп түсіндіріпті. Бірақ күндіз-түні жалындап от жанып, тұрғындардың тыныс алуы қиындай бастаған.

Лейла Көлбейсенова:

Түнде далаға шықсаңғғ жарығы түсіп тұрады. Күндіз онша көрінбейді, қараңғы түсе жарқылдап жанып тұрады. Иісі қолқаны жарады, сасық. Гүрілдегені қандай қорқынышты. Махамбет ауылының жұрты онша сезбейді, ал Горбунов ауылының тұрғындарына құлақты жарардай қатты естіледі.

Марина Айропетьян:

Далаға шықсаң, тыныс ала алмай тұншығасың. Қазір қыс уақыты, ал жазда не болады? Терезе аша алмай қалатын шығармыз. Енді осыны иіскеп отырамыз ба? Қарттар бар, жас балалар бар. Тыныс жолдары, жүректері ауыратындар көбейіп барады. Басымыз үнемі ауырып жүреді. Мұның бәрі жайдан-жай емес қой.

Тұрғындар бұл жағымсыз иіс ауаны улап жатқанына сенімді.Қазба жұмыстарын бастамас бұрын компания қоғамдық тыңдау өткізіп, ешқандай зиянды қалдық болмайды деп сендірген. Тіпті өтемақы ретінде ауылдың әлеуметтік проблемасын шешіп беруге әзір екенін айтқан. Оның үстіне қолында қазба жұмыстарын жүргізуге барлық рұқсаты бар. Ал экологтар кәсіпорынды осы уақытқа дейін бір рет те тексермепті. Енді олар тұрғындар шағымы прокуратураға жеткеннен кейін іске кіріспек.

Мұрат Ермекқалиев, БҚО Экология департаментінің басшысы:

Әрине, прокуратураның тапсырысымен міндетті түрде тексеруді бастаймыз. Алдымен қазба жұмыстары жүріп жатқан жерде ауаның құрамын өлшеп білеміз. Нақты жұмыс істеп тұрған кезде қаншалықты қалдық шығаратынын анықтаймыз.Ауа қаншалықты ластанғаны содан кейін белгілі болады.

Мамандар ауаға зиянды қалдық таралғанын анықтайтын болса, компанияға жаза қолданылады. Сондай-ақ облыстың бас экологы қазба жұмысын жалғастырғысы келсе, олар халықпен тағы да қоғамдық тыңдау өткізуге тиіс деп отыр. Сонда тұрғындар шағымын жеткізіп,бір келісімге келуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде