Астанада қойма өртеніп күлге айналды
Астанада қойма отқа оранды. Тілсіз жау бір қабатты қимаратты түгел шарпып, қою түтіні тіпті орталыққа дейін көрінген.
Автор: Мерей Қалиасқар
18.03.2024
Күлге айналған қоймада балалардың ойыншықтары мен сәбилерге арналған жөргектер сақталыпты. Зардап шеккен ешкім жоқ. Дегенмен жалын 1700 шаршы метр аумаққа таралып үлгерген. Ғимараттың шатыры ортасына опырылып түсті. Тілсіз жаумен күреске 70 адам жұмылдырылған. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды екі сағаттың ішінде толық ауыздықтады. Қазір оттың нақты неден тұтанғаны анықталып жатыр.
Назарали Селимов, Астана ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бастығы:
— 7 сағат 31 минутта бірінші бөлімшелер оқиға орнына келіп жеткен кезде ғимарат жанып жатты. Зардап шеккендер жоқ. Қаланың басқа да қызметтері жұмылдырылды. Қазір конструкцияларды ашу және су құю жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!