{metadescription}
Астанада Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына «Көктем әуені» көрмесі өтіп жатыр
Астанада Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына «Көктем әуені» көрмесі өтіп жатыр

Астанада Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына «Көктем әуені» көрмесі өтіп жатыр

Елордада қазақтың көрнекті суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған «Көктем әуені» көрмесі өтіп жатыр. Оған Астананың 20 кәсіби суретшінің 40 жұмысы қойылған.

Өмірәлі Исмаилов, Астана қаласы, Суретшілер одағының төрағасы:

Бұл жерде әр стильде, әр суретшінің қолынан шыққан туындылары, әрқайсысының өзінің қолтаңбасы бар, халыққа қызықты болсын деп. Қазір бағыт пен ағым көп, дүние жүзінде. Заманауи түрде де жұмыстар бар бұл жерде, реализм, шынайы түрде жұмыстар бар. Көршілес мемлекеттермен салыстырғанда, Өзбекстан болсын, Қырғызстан болсын, Қазақстанның суретшілері өте жоғары деңгейде деп айтсақ болады.

Әр суретшінің шығармашылығы ерекше. Суретшілер өз туындыларында жаңаруды – қиындықтарды жеңу арқылы жаңа жетістіктерге жетуді, үйлесімділік пен сүйіспеншілікті әрі табиғат сұлулығын көрсетеді. Көрмеде қазақ мәдениетінің құбылыстарын бейнелеуге ерекше көңіл бөлінген. Ұсынылған жұмыстар әртүрлі техникалар мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылған. Астана суретшілер одағы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Президенттік орталық ұйымдастырған көрме сәуірдің бесіне дейін жалғасады.

Анар Әубәкір, cуретші:

Бұл көрмеде менің еңбегім қойылған «Көк тоқты» деп аталады. Қазақ халқының ең қасиетті, сүйкімді образы. Бүкіл Қазақстан суретшілер одағының жұмыстары қойылып тұр. Соған алғысым шексіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде