Бренд киіммен таңқалдыра алмайсың, ал қазақтың ұлттық киімі бәрін сүйсіндіреді
Ұлттық киім – халық мәдениетінің ажырамас бөлігі. Наурызнаманың бесінші күні, Ұлттық киім күніне орай Астанада «Елорда аруы», дарынды арулар алаңы атты шарасы өтті. Мақсат — қазақтың ұлттық киім үлгілерін халыққа насихаттау әрі бірегей бағыттағы дизайнерлердің туындыларын кеңінен таныту.
Автор: Мерей Қалиасқар
18.03.2024
Сұлулық сайысының іріктеуі былтыр күзде болып, оған елордалық 800 ару қатысқан. Озық шыққан 25 ару ақтөбелік жас дизайнер Сәбина Күнкейдің ерекше киім үлгілерін көпшілікке көрсетті. Арнайы фотосессиядан сүрінбей өткендер финалға жолдама алды. Бұл шара патриоттық сезімге баулып қана қоймай, өнерге, мәдениетке және отандық өнімге деген сүйіспеншілікті арттыруға үлкен септігін тигізеді деп сенеді ұйымдастырушылар.
Әліби Желдербаев,"Елорда аруы" сайысының жетекшісі:
— Бұл мереке қазақстандық талантты дизайнерлердің еңбегі мен жеңісі деп айтсақ болады. Сол кісілердің еңбегінің арқасында қазір жастардың барлығы ұлттық нақыштағы киімдерді сәнге айналдыруда. Бұл киімдердің барлығы, біріншіден, өте тиімді, қолжетімді. Екіншіден, қазір әлемдік брендтегі киімдермен ешкімді таңқалдыра алмайсың, ал қазақтың ұлттық киімдерімен бәрін сүйсіндіруге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!