Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолды су шайып кетті
Ақтөбе облысында қырдан аққан қызыл су республикалық маңызы бар жолды шайып кетті. Көлік қатынасына қиындық келтірмесін деп мамандар түннен бері трассаның екі бетін бөгеп үлгермей жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.03.2024
Шалқар ауданына қарасты Ұлпан ауылы маңындағы трассаны әкімдерден бастап, жол саласының мамандары кешелі бері күзетіп жүр. Бұрын Шалқар жақта мұндай тасқын болмайтын. Биыл қар көп жауып, жолдың бір шақырымынан аса бөлігін басып қалған. Трассадағы су деңгейі жарты метрге дейін жеткен. Ембі-Шалқар-Ырғыз тас жолы былтыр ғана республикалық бақылауға алынған. Енді қатынасты тоқтатпас үшін құм тасып, жолдың жиегін биіктетіп жатыр.
Жанболат Жидеханов, Шалқар ауданының әкімі:
— Қандағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз республикалық тас жолының 232-шақырымында қар еріп, су көтерілу қаупі төнді. Қазір теміржол мекемелері, ДЭУ қызметкрелері жұмыс істеп жатыр. Инертті материалдардан 700 қап құм, сонымен қатар қосымша 300 тоннадай құм төселді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!