{metadescription}
Бейнеуде магистральді газ құбыры жарылды
Бейнеуде магистральді газ құбыры жарылды

Бейнеуде магистральді газ құбыры жарылды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында магистральді газ құбыры жарылып, ол алапат өртке ұласты. Апат елдімекеннен жырақта болғандықтан, ешкім зардап шеккен жоқ. 

Құбырдың жарылған сәтін тұрғындар таспаға түсіріп алған. Видеодан маңайдың қызыл-сары түске боялғанын анық көруге болады. Экологтар қоршаған ортаға еш зиян келмеді дейді. Ал төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, түнгі сағат 11 шамасында “ИнтергазОрталықАзияға” тиесілі газ құбырының конденсат жинағыш торабында газ қоспасы жарылған. Апаттың себебі анықталып жатыр. Халықты газбен қамтамасыз ету және газды тасымалдау жұмыстарына да кедергі келмеген.

Ержан Лепесов, Бейнеу ауданының ТЖБ бастығы:

Өрт ауданы шамамен 50 шақырым. Өртті сөндіруге 14 жеке құрам, үш техника жұмылдырылды. Өрт сағат 23.37-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде