{metadescription}
10 жылда алты жүзге жуық ауыл жойылып кеткен
10 жылда алты жүзге жуық ауыл жойылып кеткен

10 жылда алты жүзге жуық ауыл жойылып кеткен

Соңғы 10 жылда елімізде алты жүзге жуық ауыл жойылып кеткен. Елдімекендегі соңғы шаңырақ болса да, отын сөндірмей, шырағын жағып отырған қариялардың өзі қалаға жаппай көшіпті.

Үкімет енді алдағы уақытта ауыл-аймақты қайта түлетіп көркейтуді қолға алмақшы. Жергілікті жердегі әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын жаңартуға биыл бюджеттен 900 миллиард теңге бөлінеді. Ал 30 мыңнан аса тұрғыны бар тығыз орналасқан елдімекендерге «қала» мәртебесі беріледі. Ол үшін жергілікті мәслихат ауыл халқының өтінішін орталыққа жеткізуі керек.

Бүгінде түтіні түзу шығып, қанатын кеңге жайып дамыған мұндай 112 елдімекен бар. Бұдан бөлек «қала» мәртебесі бар, бірақ халық саны күрт кеміген Шар, Қазалы сияқты кенттердің де тағдыры шешілмек.

Нұрлан Байбазаров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

10 мыңнан астам тұрғыны бар ауыл саны 112. Оның ішінде 18 елдімекенде 30 мыңнан астам халық тұрады. Бұларды өзгерту үшін арнайы заңнамада қарастырылатын тетіктер бар. Егер үш жыл сайын халық саны 10 мыңнан асып отырса, онда мәслихат облыс деңгейіне шығып, бұл ауылдардың мәртебесін өсіруге құқығы бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде