{metadescription}
Тараздықтар қираған көрнекі орындарды қалпына келтірсін деп талап қойды
Тараздықтар қираған көрнекі орындарды қалпына келтірсін деп талап қойды

Тараздықтар қираған көрнекі орындарды қалпына келтірсін деп талап қойды

Тараз тұрғындары қалада қирап қалған көрнекі орындарды қайта қалпына келтірсін деп талап қойды. Көпшілік баратын орындардағы көрініс көңіл көншітпейді. Саябақтарда орындықтар сынып, шамдары шағылып жатыр.

Еліміздегі ең ұзын субұрқақтың сұры қашып, тастары түсіп қалған. Оның маңайындағы «ақылды» орындықтардың аты ғана қалған. Интернет желісімен қамтылып, қуаттағышқа қосылады деген орындықтар істемейді. Ал «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығының шығыс стиліндегі мозаикалары түсіп жатыр. Қазба жұмыстарының ашық аспан астындағы көрмесінің күйі де аянышты. Қараусыз қалған нысан қазір жабық тұр.

Ал қала билігі туристер ағылып жатқан тарихи жерлердің бүлінуін ауа райының қолайсыздығынан көріп отыр. Сондай-ақ бар дүниені бүлдіретін вандалдар да қосымша жүк артып отыр дейді. Әкімдік өкілдері бүлінген жерлерді бүтіндеп, қаланың шырайын келтіруге 217 млн теңге бөлінді дейді.

Қайрат Исмайыл, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

Сәулет ғимараттары бетіндегі көрнекі қыш тастар қайта қалпына келтірілуде. Қатты материалдар сынған. Барлығын қайта қалпына келтіреміз. Жұмыс 20 наурызға дейін аяқталады. Ұлық мереке қарсаңында сәулетті қалпына келтіріп, халыққа қуаныш, жақсы көңіл күй сыйлаумыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде