{metadescription}
Кінәсін мойындаған Сәтбаев қаласының әкімі үш жарым жылға сотталды
Кінәсін мойындаған Сәтбаев қаласының әкімі үш жарым жылға сотталды

Кінәсін мойындаған Сәтбаев қаласының әкімі үш жарым жылға сотталды

Парамен ұсталған Сәтбаев қаласы әкіміне қатысты сот үкімі шықты. Қала тазалығымен айналыстан жеке кәсіпкерден 10 миллион теңге алған Шапағат Әубәкір үш жарым жылға бас бостандығынан айрылды.

Шапағат Әубәкір Сәтбаев қаласы әкімі қызметіне былтыр қаңтарда тағайындалған. Биыл ақпанда қолына кісен салынды. Әкім қала тазалығымен айналысқан кәсіпкерге бюджеттен төленетін қаражатты қосымша келісімшарт арқылы көбейтіп беремін деген. Екіншісі «рахмет» ретінде оған 10 миллион теңге беріп жатқанда екеуі де ұсталды. Екеуі де кінәсін мойындады. Кішкентай балалары барын айтып түрмеге қамамауды сұрапты. Сондықтан кәсіпкер 200 миллион теңге айыппұл арқалады. Ал экс-шенеунік бәрібір түрмеге отырады. Сонымен қатар сот қала тазалығына бюджеттен қаражат бөлу ісі жіті тексерілсін деген арнайы қаулы шығарды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде