{metadescription}
Білім беру бағдарламасына денсаулыққа зиян әдеттерден қорғау сабағы енгізіледі
Білім беру бағдарламасына денсаулыққа зиян әдеттерден қорғау сабағы енгізіледі

Білім беру бағдарламасына денсаулыққа зиян әдеттерден қорғау сабағы енгізіледі

Мектептерде енді вейп, есірткі мен лудоманияның зияны туралы кеңінен айтылады. Оқу-ағарту министрлігі білім беру бағдарламаларына балалардың денсаулығы мен дамуына кері әсер ететін зиянды әдеттерден қорғау сабақтары енгізбек.

Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:

Мысалы, биология пәнінде темекі мен есірткінің адам денсаулығына кері әсер ететіні, дүниетану және жаратылыстану пәндеріне "Салауатты өмір салты" туралы тақырып қамтылады. Білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жоспарында полицейлер мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен оқушылар арасында түсіндіру және ақпарат жұмысын жүргізу қарастырылған.

Бұл шараға 90 мың маман, 8 мыңнан астам педагог-психолог пен 4 мыңнан аса мұғалім жұмылдырылады. Өз кезегінде депутаттар да жастарды жаман әдеттен қорғауға бағытталған жұмысын жалғастыруда.

Мәжілісте темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салу туралы заңға енгізілетін түзетулер пысықталуда. Бұл ретте президент те жазға дейін құмар ойынға тәуелділік туралы заңды қабылдауды тапсырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде