{metadescription}
87 елдімекен және 300 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылады
87 елдімекен және 300 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылады

87 елдімекен және 300 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылады

Биыл 87 елдімекен газбен қамтылып, 300 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді. Бұл президенттің ауқымды инфрақұрылым бастамаларын іске асыру аясында орындалады.

Қазір елдегі газдандыру деңгейі 60 пайыз шамасында. Яғни 20 миллион халықтың 12 миллионы таза және тиімді энергия көзі саналатын көгілдір отынға қосылған. Жалпы жаңа елдімекендерді газдандыру жобалары республикалық және жергілікті бюджеттен, сонымен қатар жауапты ұлттық компания қаражатынан қаржыландырылады. Жыл сайын бұл мақсатқа 90 млрд теңге бөлінсе, Атырауда өткен үшінші Ұлттық құрылтайдан кейін мемлекет басшысы тағы 100 млрд теңгеге ұлғайтуды тапсырды. Бұл ел бойынша тағы 300 мың тұрғынның газға қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сарапшылар президент пәрменін орындауда қосымша қаражаттың бөлінуі инженерлік желілердің тозу деңгейін төмендетіп, салаға едәуір серпін беретінін атап өтті.

Сәлім Нағым, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары:

190 млрд үстіндегі ақша оның ішінде модернизация да бар, жаңа ауылдарға газ жеткізу де жобалары бар. Енді біздің елімізде мына батыс өңірлердегі облыстарда газдандыру деңгейі 90 пайыздан жоғары. Сондықтан ол жерлерде модернизация жобалары көптеу болады. Ал оңтүстік өңірлерде газдандыру деңгейі сол 40-80 пайыз арасында. Сондықтан ол жақта көбінесе жаңа ауылдарға газ апару жобалары болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде