{metadescription}
Еуразия тау курорттары альянсы тәжірибе алмасып, даму жоспарын бекітті
Еуразия тау курорттары альянсы тәжірибе алмасып, даму жоспарын бекітті

Еуразия тау курорттары альянсы тәжірибе алмасып, даму жоспарын бекітті

Қоршаған ортаға зиян келтірмей, табысты да еселеудің жолы қандай? Қазақстан, Өзбекстан, Ресей мен Әзірбайжанның тау курорттары мұның жауабын бірлесе іздеді. Шымбұлақ бастаған төрт кешен былтыр ғана Еуразия тау курорттары альянсына біріктірілген болатын. Бір жыл өтпей-ақ, Альянс Сочиде үлкен фестиваль ұйымдастырып, тәжірибе алмасып, даму жоспарын бірлесе бекітті.

Он жыл бұрын Қысқы олимпиадаға арнайы тұрғызылған «Роза Хутор» тау шаңғы кешенінде келушілер ерекше көп. Күнделікті қонақтарға бұл жолы бірнеше елдің делегациясы қосылды. Еуразия тау курорттары альянсының алғашқы фестиваліне 150 адам келген.

Еуразия тау курорттарының альянсын былтыр осы «Роза Хутор», «Шымбұлақ» пен Өзбекстанның «Әмірсой» курорты бірігіп құрған болатын. Қарашада оларға Әзірбайжанның «Шахдаг» тау шаңғы кешені қосылды. Альянс әзірге осы төрт елдің кеңістігінде тау туризмін дамытуға, курорттағы қауіпсіздік стандарты мен қызметкерлерінің кәсібилігін бірлесе шыңдауға күш салмақ. Үш күнге жалғасқан фестиваль түрлі форматта өтті.

Сангаджи Тарбаев, Ресей мемлекеттік думасы, Туризм комитетінің төрағасы:

Осындай фествиаль мемлекеттің қолдауынсыз өтіп жатқаны қуантады. Жоғары жақтан түскен тапсырма емес. Бизнес өзі бірігіп қызығушылық танытты. Ортақ аудитория, ортақ кәсіп, ең бастысы тау-шаңғы курорттарының дамуына мүдделі адамдар бар.

Фестивальге төрт елден бөлек, Армения, Беларусь пен Қырғызстаннан да қонақтар арнайы шақыртылған. Олар да алдағы уақытта Альянс мүшелігіне өткелі отыр. Ал қызмет сапасын бірігіп көтеруге бағытталған мұндай шаралар курорттарға келушілер санын арттырады, мәдени байланыс та беки түседі деп сенеді фестивальге арнайы шақырылған Қазақстан елшісі.

Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:

Қазір жақсы білесіздер, Ресей тарапынан Қазақстанға деген қызығушылық үлкен. Бұл енді геосаяси жағдайға да байланысты. Қазақстанға келушілер саны көбейіп келе жатыр. Мысалы 2023 жылы 20 пайызға өсті. Біздің ойымызша, 2024-25 жылдары да бұл сан артады. Шымбұлаққа келушілер саны да көбейеді деп біз сенеміз. Бұл бізге жақсы. Себебі, қыстық турзимге келетін адамдардың легі жоғары болады.

Фестиваль тек пікірталас, алқа жиын форматында емес, мұнда мәдени қарым-қатынасқа да ерекше мән берген. Әр елдің делегаттары өз ұлттық тағамдарын дайындады, синхронды сырғанаудан да шеберлігін көрсетті.

Андрей Кукушкин, Еуразия тау курорттары альянсының бас хатшысы:

Альянс курорттар тәжірибе алмасу үшін жақсы платформа. Қарды қалай тегістеуден бастап, жаттықтырушылардың дайындығына дейінгі, жалпы кез келген қиындықтан қалай шығуды талқылайтын болады. Курорттарымыз туристерге қызықты, тартымды, қауіпсіз болуы қажет. Альянсқа кіретін елдердің азаматтары ол курорттарды жақсы білгені жақсы. Ал туризм экономиканы алға жылжытатын ақшалы саланың бірі.

Бұл жолы Альянс құрамындағы төрт курорттың қатарына Қазақстанның «Ой-Қарағайы» да қосылды. Еуразия тау курорттары альянсы мұндай шараны енді жылда өткізіп тұрады. Келесі фестиваль 2025 жылы Әзірбайжанның «Шахдаг» курортында өткізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.