{metadescription}
Ақтөбеде тұрғындар төрт рет өртенген кафені жабуды талап етті
Ақтөбеде тұрғындар төрт рет өртенген кафені жабуды талап етті

Ақтөбеде тұрғындар төрт рет өртенген кафені жабуды талап етті

Ақтөбеде көпқабатты үйдің тұрғындары өртеніп кетеміз бе деп қорқып отыр. Өйткені төменгі қабаттағы дәмханадан соңғы бір жылда төрт рет өрт шыққан. Ал асханадан тарайтын майдың иісі мен түнгі шу-шұрқанға амалсыз көндігіпті. Дәмхана қожайыны қауіпсіздік талаптарын сақтамайды деген тұрғындар тамақтану орнын жабуды талап етіп отыр. Өрт жиі шығатын кафе балабақшаға жапсарлас орналасқан.

Есет батыр тұрғын үй алабындағы тоғыз қабатты үйдің тұрғындарынан маза қашқан. Төмендегі дәмхананың кесірінен тыныш ұйықтаудан қалдық деп ашынады. Күні кеше дәмханаға жапсарлас салынған көше беттегі асхана мұржасы өртенді. Өртті жылдам сөндіріп үлгерген. Егер сол өрт түнде тұтанса, жүз пәтерлі үй жанып кетпегенмен, ысқа тұншығар ма едік деп шошиды. Ең сорақысы, бұл дәмханадан өрт төртінші рет шығып отыр.

Абзал Биранов:

Өртенетін болса мына үйдің бәрі кетеді. Анық кетеді. Мына жерде газ тұрба тұр. Ол бірінші рет емес, төртінші рет болып жатқасын енді бәріміз шығып жатырмыз. Адамның да шыдамы болады ғой. Шыдам таусылды шыны керек. Моторчик өртенген кезде балабақшаның балалары далаға шықты. Қорқып енді. Барлығы қорқып осы жерге шықты. Өртеніп жатыр, атылып жатырмыз деп.

Расымен де дәмхана балабақшамен жапсарлас орналасқан. Өрт шыққан сайын бөбектер шошиды екен. Былтыр төтенше жағдайлар басқармасы айыппұл да салып кеткен. Бірақ одан түк пайда жоқ дейді тұрғындар. Түнгі шу мен май сасыған иіс үйді алып болыпты.

Гүлназ Қайдасова:

Біз оның зардабын көріп жатырмыз. Түнде үреймен ұйықтаймыз, шыны керек. Мына нәрсенің барлығын көріп тұрсыз ғой, қырық жамау. Адам осындай құрылыс сала ма? Осындай қала ішінде кайта аша ма? Бүкіл Ақтөбенің өрт сөндіру қызметі жабылса да мүмкіндік бермейді. Қаншама осындай оқиға болып жатыр. Жапсын. Біздің басты талабымыз осы, жапсын!

Кәсіпкер шағын дәмхана ашуға әкімдіктен төрт жыл бұрын рұқсат алған. Бірақ оның аумағын үлкейтіп, жапсарлас құрылыс жүргізуге қолында ешбір рұқсат қағазы жоқ.

Жанаргүл Мақашева, Ақтөбе сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Рұқсат берілдіғ тұрғын емесғ жайды қайта жабдықтауғағ кафеге. Бірақ жанама құрылысқа рұқсаты жоқ. Бүкіл қағаздарды жинақтап, біз мемлекеттік мекемеге сәулет құрылысына жіребеміз. Заңсыз салынып тұр.  

Шенеуніктер тексеруге енді кірісетінін айтты. Ал заңсыз салынған дәмхана асханасын сүріп тастай ма, қалдыра ма, ол жағы әзір белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде