{metadescription}
Шымкенттегі жол апатында бір отбасынан бес адам зардап шекті
Шымкенттегі жол апатында бір отбасынан бес адам зардап шекті

Шымкенттегі жол апатында бір отбасынан бес адам зардап шекті

Шымкентте автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір отбасынан бес адам зардап шекті. Апатқа қала орталығындағы бағдаршамның жұмыс істемеуі себеп болған.

Алматы - Шымкент бағытында жүретін қалааралық автобус басты жолмен өтпек болғанда жүйткіп келген Шевроле қоғамдық көліктің бүйірінен соққан. Апаттан жеңіл көлік қатты бүлінді. Көліктің ішінде бір отбасының бес адамы болған екен. Қауіпсіздік жастықтарының арқасында барлығы аман қалды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем жолаушыларға алғашқы көмек көрсетіп, екі науқасты ауруханаға жеткізді.

Қайратбек Тағайбекұлы, Шымкент №1 клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі:

Бастарына зақым келмеген. Тек басының терісі, жұмсақ тіні жарақаттанған.Екеуінде жеңіл жарақат. Амбулаториялық емге үйіне шығарылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде