{metadescription}
0:000:00
Асырап алған баланы жетімдер үйіне қайтару дерегі көбейген

Асырап алған баланы жетімдер үйіне қайтару дерегі көбейген

Елімізде асырап алған баланы жетімдер үйіне қайтару дерегі көбейген. Жаңа отбасыға келген бүлдіршіндерді ата-анасы көбіне араға бір жыл салмай кері қайтарып жатыр.

Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын талқылап жатқан депутаттар бұл мәселені қаперге алатын уақыт келгенін айтты. Себебі әу баста онсыз да көңілі жарым балаларды бауырымызға басамыз деп алғандар, көбіне бала асырап алу процесіне бейжай қарайды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, көбіне 10-13 жастағы балалар кері қайтарылады. Ал нақты себебін ешкім дөп басып айта алмайды. Сондықтан бала құқығын қорғау мақсатында бала асырап алушылардың кәсіби институты ұғымы енгізіледі жетімдер үйінен асырап алынатын әр баланың құқығы ашық жазылады.

Ерболат Саурықов, Мәжіліс депутаты:

Асырап алынған баланың балалар үйіне қайтарып жатқаны азаймай тұр. Үнемі өсу үстінде. Мысалы, соңғы бес жылда балалар үйіне қайтарылған бала саны 64 пайызға өсті. 2020 жылы 160 бала, 2021 жылы 197 бала қайтарылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.