{metadescription}
БҚО: 670 миллионға контрабанда тауарын кіргізгендер ұсталды
БҚО: 670 миллионға контрабанда тауарын кіргізгендер ұсталды

БҚО: 670 миллионға контрабанда тауарын кіргізгендер ұсталды

Батыс Қазақстан облысында 670 миллион теңгенің тауарын контрабанда жолымен кіргізген күдіктілер ұсталды. Олар елімізге ірімшік пен темекі өнімдерін астыртын жолмен алып өтпек болған. Яғни жүк көліктеріне тиелген тауар мен құжаттары сәйкес келмейді.

Темекіні құрылыс матералдарының арасына жасырған. Бірақ құжатта оны құбыр деп көрсеткен. Осылайша акцизсіз 900 мың қорап темекі тәркіленді. Оның құны 350 миллион теңгеге бағаланды.

Ал екінші көліктегі тұз деп көрсетілген жүк 1300-ден аса қорапқа салынған ірімшік болып шықты. Оның да құны 350 миллион теңге. Күдіктілердің көлігін тәртіп сақшылары Орал - Бұзылық тасжолында тоқтатқан.

Нұржан Қуанғали, БҚО ПД баспасөз хатшысы:

Тәркіленген тауардың болжамды жалпы сомасы 670 миллион. Айналымнан алып қойған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде