{metadescription}
Петропавлда шатырдағы сүңгілер тұрғындарға қауіп төндіруде
Петропавлда шатырдағы сүңгілер тұрғындарға қауіп төндіруде

Петропавлда шатырдағы сүңгілер тұрғындарға қауіп төндіруде

Петропавл қаласының тұрғындары көшеде жайбарақат жүруден қалған. Көктем келіп күн жылығалы ғимараттардың шатырындағы сүңгілер қауіп төндіруде. Бірақ төбеден төнген мұзды түсіруге ешкім асығар емес. Әкімдік бұл жұмысты кәсіпкерлер мен меншік иелерінің мойнына артса, олар тұрғындарға сілтеп, жауапкершіліктен жалтарып отыр.

Солтүстікке көктемнің асықпай келетінін шатырлардағы бір еріп, бір қатып қалатын мұз сүңгілерінен-ақ көруге болады. Қаладағы әрбір ғимарат пен көпқабатты үйлердің шатыры мұзға сіресіп тұр. Жаяу жүргіншілер жолындағы төбеден төніп тұрған бұл сүңгілерге жұрт қауіппен қарап, жанын шүберекке түйіп өтеді.

Тұрғындар аяғының астына емес, төбеге қарап жүруді әдетке айналдырған. Себебі шатырдағы қарды тазалауға ешкім құлықты емес.

Сағила Мұстафина:

Бұл қаланың қақ ортасы, қаншама адам жүреді. Қараңдаршы, мұз сүңгілер қандай көп! Мектеп те жақын, балалар осы жерден күнде өтеді. Жаяу жүргіншілер де көп жүреді. Алдымен шатырды қардан тазарту керек еді. Бірақ оны қолына алған ешкім жоқ. Зілдей ұз басыңа құласа оңдырмайды ғой!

Әрбір кеңсенің, сауда орындарының, дәріханалардың да шатыры қауіпті десе болады. Тіпті қаладағы жалғыз Мәдениет үйіне жақын келу қорқынышты. Ғимараттың шатырынан бір жарым метрдей мұз салбырап тұр. Бұл нысанға балалар үйірмелерге келеді. Көпшілікке мәдени шаралар өтеді. Дегенмен шатырдағы қарды тазартып, сүңгілерді сыпыруға бюджеттен қаржы бөлінбейді екен.

Әсем Айтулова, Петропавл әкімінің баспасөз хатшысы:

Әкімдік тарапынан қарды уақтылы шығаруға, төбедегі мұзды алып тастауға арнайы ақпарат жұмысы жүргізіледі. Тұрғын үйлердегі жауапкершілік толығымен ОСИ, ПИК-ке жүктеледі және кәсіпкерлерге. Өз аумақтарын өзі тазалауы керек.

Жауаптан жалтарғандар енді айыппұл арқалайды. Полиция мұз сүңгілері бар ғимарат иесін тексеруді бастап кетті. Бүгіннің өзінде қалтасынан 40 мың теңгедей айыппұл төлегендер бар.

Қанат Жұмабаев, Петропавл ПБ бөлім бастығы:

Шатырларын мекемелердің иелері және тұрғын үйлердің пәтер иелері кооперативі немесе мүлік иелерінің бірлестігі тазартуы қажет. Осындай құқық бұзушылыққа505-бабы бойынша ескерту немесе 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Құтқарушылар тұрғындарды мұз құрсанған шатырдан сақтануға шақырады. Әрине, бекерден-бекер емес. Өткен жылдары еліміздің бірнеше қаласында төбеден мұз құлап, бірнеше адам мерт болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде