{metadescription}
Инвестициялық 70 жаңа жобаны іске қосу жоспарланды
Инвестициялық 70 жаңа жобаны іске қосу жоспарланды

Инвестициялық 70 жаңа жобаны іске қосу жоспарланды

Елімізде шамамен 70 жаңа инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Ұлттық құрылтайда президент Үкіметке қайта өңдеу секторын жедел дамыту міндетін қойды.

Барлық жоспарланған жобаны іске қосу шамамен 11 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл импортқа тәуелділікті азайтып, еліміздің экспорттық әлеуетін айтарлықтай арттырмақ.

Жоба аясында Павлодар облысындағы ферроқорытпа зауыты, Маңғыстау облысындағы минералды тыңайтқыш шығаратын зауыт пен Қарағанды облысындағы автомобиль шиналарын шығаратын зауыт сияқты жаңғыртуға жататын өндіріс алыптары мен жаңа кәсіпорындар да бар. 

Азамат Сәменов, Аймақты зерттеу орталығы директорының орынбасары:

Мәселен, өндірісте ашылған бір жұмыс орны аралас салалардағы үш жұмыс орнының қосылуына сеп болады. Бұл баршаға пайдалы әрі тиімді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде