{metadescription}
«Қазақ әдебиеті» газетінің 90 жылдық мерейтойы атап өтілді
«Қазақ әдебиеті» газетінің 90 жылдық мерейтойы атап өтілді

«Қазақ әдебиеті» газетінің 90 жылдық мерейтойы атап өтілді

Еліміздің әйгілі басылым — «Қазақ әдебиеті» газетіне биыл 90 жыл толды. Осыған орай, Алматыда қазақ зиялылары мен мәдениет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен мерейтой атап өтілді. Арнайы кешті Жазушылар одағы мен Зейнолла Сәнік атындағы Мәдениет қоры бірлесіп ұйымдастырған.

Кеште қазақ әдебиетіне еңбегі сіңген он қаламгер Қазақстанның құрметті жазушысы алғыс хатымен марапатталды. Айтулы шара қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келгендіктен, келушілерге ауызашар да берілді.

«Қазақ әдебиеті» газетінің тұңғыш саны 1934 жылы жарық көрді. Әдеби һәм мәдени өмірді жан-жақты қамтитын басылым. Алғашқы басшысы Бейімбет Майлин болған басылымда талай Алаш алыптарының қолтаңбасы қалды. Қанша аумалы-төкпелі қиын кезеңнен өтсе де, көсемдерден қалған көркем сөздерді ұмыттырмай, атадан балаға жеткізуде.

Газеттің шежіресінде шығармшылықтың шыңына шыққан тау тұлғалардың ізі бар. Сондықтан Қазақ деген еліміз бен қазақтың оқырманы бар да, «Қазақ әдебиеті» мәңгілік, - дейді Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов.

Мереке Құлкенов, Жазушылар одағының басқарма төрағасы:

Алғашқы шыққан бірінші нөмірінен бастап тек қана ұлттың салт-дәстүрін, әдебиетін, мәдениетін айтып келе жатқан бірден-бір газет десек, артық айтқандық емес. Бұның ішінде тіл де бар, бұның ішінде салт-дәстүріміз де бар, мұнда жаңа шыққан, жаңа көрініп келе жатқан болашақ үлкен

Жазушы-ақындарымыз да бар. Сондықтан да бұл газеттің қазақ ұлты үшін орны ерекше деп есептеймін. Қазір қазақ әдебиетін рухани, жан дүниесі бай адамдар іздеп жүріп оқиды және соған өз бағасын беріп келе жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.