Ақтөбе облысына тасқын қаупі төнді — жолдарды су шайып жатыр
Ақтөбе облысына тасқын қаупі төніп тұр. Өңірде күн күрт жылынып, қар тез ериді деген болжам бар. Қазірдің өзінде қызыл су жолдарды шайып жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
20.03.2024
Шалқар ауданындағы тағы бір жолда көлік қатынасы қиындады. Қырдан аққан қызыл су Қандыағаш - Шалқар арасындағы трассаны басып қалған. Кеше Ұлпан ауылы маңынан өтетін республикалық жолды да су шайып кеткен. Қазір осы бөлікте күні-түні кезекшілік қойылған. Құтқарушылар мейрам күндері өзен арналары көтеріледі деп қауіптенеді. 15 елдімекенді ерекше бақылауға алған. Оның арасында былтыр суға кеткен Қобда мен Ойыл ауылдары да бар.
Тарас Коваленко, Ақтөбе облысы ТЖД бөлім басшысы:
— Оңтүстік аудандарда тасқынға қатысты бақылау күшейді. Ырғыз, Ойыл, Байғанин мен Шалқар аудандарында қар еріп жатыр. Бұл облыстың қар қорының 67 пайызындай. Облыс бойынша ауа райына байланысты ескерту берілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!