Челлендж: Павлодарда 120 оқушы бір мезетте Құрманғазының күйін орындады
Наурыз мейрамы қарсаңында Павлодар аспаны күймен көмкерілді. 120 оқушы бір мезетте Құрманғазының күйлерін орындап, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Автор: Ақмаржан Қайратқызы
20.03.2024
Бұл шара республикалық «Күй күмбірі» челленджі аясында өтті. Мектеп оқушылары қос ішекті аспапты қолға алып, бір уақытта бірқатар күйді орындады. Ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында өткізілген шара павлодарлық жастар арасында қолдау тауып, облыстағы ауыл-аймақтарды да қамтыған. Алдағы уақытта өңірде ұлттық аспаптарды насихаттауға бағытталған бұндай ауқамды шаралар кеңінен қолға алынады дейді ұйымдастырушылар.
Серік Сыздықов, Павлодар дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты кешенінің директоры:
— Бұл жерде халқымызға танымал, құлағымызға сіңімді болған «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Тойбастар» сияқты күй орындалып, балалар осы челленджге белсене қатысып жатыр. Ұлттық өнеріміздің Ұлыстың ұлы күні қарсаңында дәріптелуі керемет нышан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!