{metadescription}
Ақтөбе облысында төрт жасар бала шалшық суға тұншығып өлді
Ақтөбе облысында төрт жасар бала шалшық суға тұншығып өлді

Ақтөбе облысында төрт жасар бала шалшық суға тұншығып өлді

Ақтөбе облысында 4 жасар бала шалшық суға тұншығып өлді. Шетінеген бүлдіршін бауырымен үй маңында ойнап жүрген. Ол құлаған су ересек адамның тобығынан ғана келеді.

Бала суға екпетінен құлап, тұра алмай тұншығып қалыпты. Қар еріп сай-сала суға толғанда, баланы қараусыз қалдыру қауіпті дейді құтқарушылар. Қазір Ақтөбе облысында тасқыннан екі көпір мен бір республикалық жолды шайған. Су басқан Шалқар - Ырғыз трассасына айналма жол салып, көліктер қазір сонымен қатынап жатыр.

Ал Байғанин ауданында үш ауылмен қатынас үзілді. Оймауыт ауылы маңында көпірді су шайып кеткен. Енді үш елдімекеннің тұрғындары керек-жарағын алу үшін тек Атырау облысының Құлсары қаласына ғана бара алады. Тасқынның беті қайтпай көпір салынбасы анық. Ойыл ауданындағы Көптағай ауылында да осындай жағдай. Көпірді бұзып кеткен. Ал жолды су басыпты. Құрман ауылы тұрғындары кеше қырдан аққан қызыл су көше бойын алып кеткенде үрейленген еді

Саид Молдақараев, Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары:

Байғанин ауданындағы Оймауыт жолы. Ол жерде кеше еріген қар суынан көпірді шайып кеткен болатын. Ойыл ауданындағы Көптоғай елдімекеніндегі жергілікті маңызы бар автожол. Онда да еріген қар суынан осы жергілікті маңызы бар жолдағы көпірді алып кетті. Қазіргі таңда енді қай кезде қарқыны басылады, содан кейін көпір қайта қалпына келтіріліп, автокөлік жүретін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде