Көкшетау мектеп қызыл су астында қалды
Көкшетау қаласында № 22 мектеп қызыл су астында қалды. Қыстай шығарылмаған қалың қар еріп, білім ошағының жертөлесі суға батқан.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
25.03.2024
«Бірлік» ықшам ауданындағы жаңа мектеп. 360-қа жуық оқушы мен 90 балақай баратын шағын орталығы бар. Бірақ оқушылар демалыста болғандықтан ешкім зардап шекпеген. Қызыл су жертөлені түгел басып қалыпты. Тіпті балаларға тамақ әзірлейтін ас үй мен кір жуу бөлмесіндегі жабдықтар, бірнеше тоңазытқыш, тамақ сақтайтын орын түгел малмандай су болған.
Кешқұрым басталған тасқынның бетін қайтару үшін арнайы қызметтер түнімен жұмыс істеген. Қазір жертөле судан құрғатылды. Бірақ әлі де сыртта жан жақтан еріген қар суы үсті үстіне келіп жатыр. Әкімдік құм толтырылған қаптарды үйіп, сақтық шараларын жалғастыруда. Мектеп басшысы болса, бұл маңайдағы тау болып үйілген қардан емес, күннің күрт жылынуынан дейді.
Манаргүл Тоқан, мектеп директоры:
— Биылғы қардың мол түсуіне байланысты және алдын алу жұмыстары мектеп тарапынан жүргізілді. Енді табиғи құбылыстың қатты келуі деп айтар едім. Барлығы тазаланды. Қазір қалпына келтірумен айналысып жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!