{metadescription}
Қазақстан мен Кипр визасыз режим енгізу мәселесін талқылады
Қазақстан мен Кипр визасыз режим енгізу мәселесін талқылады

Қазақстан мен Кипр визасыз режим енгізу мәселесін талқылады

Тікелей рейспен әрі визасыз. Қазақстан мен Кипр визасыз режим енгізу мәселесін талқылады. Екі елдің Сыртқы істер министрлері бұдан бөлек, екіжақты байланыстың басым бағыттарына жіті тоқталды.

Визасыз режим мен тікелей әуе қатынасын енгізуге қатысты келіссөздер бүгін Астанада өтті. Бұл Кипр Сыртқы істер министрінің Қазақстанға алғашқы ресми сапары. Қазақстан Кипрмен екіжақты қарым-қатынасқа үлкен мән береді және Никосияны Оңтүстік Еуропадағы маңызды серіктес ретінде қарастырады деді министр Мұрат Нұртілеу. Өз кезегінде Константинос Комбос алдағы уақытта екі ел арасындағы саяси, экономикалық қарым-қатынас нығая түсетініне сенім білдірді. Келіссөз барысында бірқатар маңызды салаларға айрықша назар аударылып, әуе қатынасы туралы меморандумға қол қойылды.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Сыртқы істер министрі:

Сіздің сапарыңызды достық пен әріптестікке негізделген өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға жасалған игі қадам деп қабылдаймыз. Біз бұл бағытта Никосиямен бірлесіп жұмыс атқаруға кәміл мүдделіміз. Кипр Республикасы – Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әрі сенімді әріптестерінің бірі. Соңғы жылдары екі ел арасындағы саяси диалог пен жан-жақты ықпалдастықты кеңейтуге бағытталған біраз игі іс-әрекеттер жасалуда.

Константинос Комбос, Кипр Сыртқы істер министрі:

Екіжақты қарым-қатынастардың даму динамикасына оң баға беріп, Қазақстан Орталық Азиядағы Кипрдің маңызды серіктесі екенінін атап өткім келеді. Осыған байланысты Никосияда биыл Астанадағы Кипр Республикасының Елшілігін ашу туралы қабылданған шешім туралы қуанышпен хабарлаймын. Біз қарым-қатынасымыздың жаңа дәуірін ашудамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.