Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, бір адам көз жұмды
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, бір адам көз жұмды. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын 71 жастағы зейнеткер баспананы қою түтін басқанда арбасына жете алмай қалған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
25.03.2024
Көпқабатты үйдегі тілсіз жау кеше кешкілік тұтанған. Подьезді қара түтін басқан соң жоғарғы қабаттағылар есіктен шығуға қаймыққан. Сол себепті балконға шығып, көмек күтіпті. Жедел жеткен құтқарушылар қою түтін құрсауында қалған 10 адамды қауіпсіз жерге шығарған. Араларында 2 бала бар. Өрт ошағында тұрмыстық техника мен жиһаз жаныпты. Алдын ала болжам бойынша тілсіз жау электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған. Үшінші қабатта тұратындарды өртті сөндірген су басыпты. Олар шаш етектен шығынға баттық деп шырылдап отыр. Ал, өрт болған пәтердегі зейнеткер арбасына жете алмай, көз жұмған. Көршілері оны алып шығу мүмкін болмады дейді.
Аманжан Пазылов, Қарағанды қаласының тұрғыны:
— Есікті ашып барғанда уже қап қара түтін дым көрінбейді. Еңкейіп қарадым уже өрт арғы жағында. Болды басқа дым істей алмадық. Бұл кісі коляскада жүре алмайды өз бетімен инвалид кісі ғой. Бабушка бір екі рет алдында көмек көтерісіп жіберіңідерші деген. Көмектескенбіз. Сондай жағдай болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!